Үлкен спорт. Америкалық боксшы Ванес Мартиросян Геннадий Головкинді жеңеріне сенімді
Армян нәсілді америкалық боксшы Ванес Мартиросян қазақстандық чемпион Геннадий Головкинді жеңеріне сенімді. Тіпті «Головкинді тізе бүктіргенімде күллі әлемді бір дүрліктіремін», - деп атышулы мәлімдеме де жасапты. Бұл туралы толығырақ «Боксинг Ссин» жазады. 5 мамырда калифорниялық Карсон қаласында өткізер кездесуіне Геннадий Головкин ақыры жаңа қарсылас тапты.