Үлкен спорт. Криштиану Роналду Әлем чемпионатында бірнеше рекорд орнатты
Роналду Әлем чемпионатында бір емес, бірнеше рекорд орнатты. Мароккоға қарсы матчта есеп ашқан Криштиану құрама сапындағы 85-ші голын салды. Осылайша 84 гол салған әйгілі Ференц Пушкаштың өзін артта қалдырды. Аңызға айналған венгр құрамада небары 85 матч өткізген. Ал Роналду Мароккоға дейін Португалия құрамында 152 ойынға қатысып, осы көрсеткіш бойынша тағы бір рекордты жаңартты. Дегенмен ирандық футболшы Али Даеиге жеткізу үшін Криштиануға әлі біраз тер төгуге тура келеді. Өйткені ирандық 109 гол салған екен. 33 жастағы форвард бұған дейінгі Португалия-Испания матчындағы қарсы шабуылдардың бірінде жылдамдығын 38,6 шақырымға дейін жеткізіп, елді тәнті етті. Бірақ гол болмай қалды. Осылайша португалдық әлемдегі ең жүйрік әрі тез футболшы саналды.