Үлкен спорт. Ресей құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Ресей матчтан кейінгі пенальтиде Испанияны қапы қалдырып, алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Мәскеудің «Лужники» стадионындағы негізгі кездесу 1:1 есебімен аяқталған еді. Испандық «Эль Паис» ел құрамасының ойынына егжей-тегжейлі талдау жасапты.