Үлкен спорт. «Формула-1» 2020 жылғы Майами гран-приін кейінге қалдырды

«Формула-1» 2020 жылғы Майами гран-приін кейінге қалдырды, деп хабарлайды «Аутоспорт». Келер маусымдағы «Формула-1» жарысында өзгерістер жоқ. Басылымның жазуынша, Майами гран-приі бір маусымға кейінге шегеріледі. Корольдік жарысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдапты. Өйткені тараптар келер маусымдағы жарыс кезеңін келісе алмаған. Осыдан аузы күйген команда қожайындары Формула күнтізбесіне жаңа гран-при енгізуден бас тартыпты.