Үлкен спорт. Сан-Хоседе өткізілген турнирде Серена Уильямс ойсырай ұтылды
Сан-Хоседе өткізілген турнирде америкалық теннисші Серена Уильямс ойсырай ұтылды. Уильямс 1 тамыздағы кездесудің алғашқы айналымында Йоханна Контадан айласын асыра алмай, салы суға кетті. 52 минутта тәмам болған матчта британдық бикеш екі сетте 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Америкалық теннисші 7 рет қателесіп, допты алты рет сәтсіз берді. Тек бір геймде басым түскен Серенаның екінші сетте мүлдем жолы болмады. Бұл жеңіліс Уильямстың мансабындағы ең үлкен сәтсіздік болды.