Үлкен спорт. Жером Боатенг «Манчестер Юнайтедке» ауысудан бас тартты
Баварияның орталық қорғаушысы Жером Боатенг өзін «Манчестер Юнайтедке» ауысуға шақырған Жозе Моуриньоның ұсынысын жауапсыз қалдырмады. Боатенг бапкерге хабарласып, өзіне ілтипат білдіргені үшін алғысын жеткізіпті. Бірақ трансферден бас тартты, деп хабарлайды «Гардиан». Жеромның мұндай шешім қабылдауына Баварияның жаттықтырушысы Нико Ковач себеп болған. Ол футболшыны командада қалуға көндіріпті.