Үлкен спорт. Тайсон Фьюри боксшы ма, сайқымазақ па?

Сенген серкем сен болсаң... Тайсон Фьюри боксшы ма, сайқымазақ па? Ресейлік «Чемпионат» спорттық интернет-порталы Тұманды альбиондағы гүрзі жұдырықты жігіттен көңілі қалғанын жазады. Тамыз айының басында аса ауыр салмақтағы дивизионның серкесі Фьюридің қазіргі WBC чемпионы Деонтей Уайльдермен айқасатыны туралы ақпарат желдей есті.