Үлкен спорт. Новак Джокович «Үлкен Дулыға» турнирінде жеңіске жетті
Новак Джоковичтің тасы өрге домалап тұр. Серб теннисшісі бұл жолы «Үлкен Дулыға» турнирінде жеңіске жетті. Бұл - оның осы маусымның соңғы ойыны, ал жалпы карьерасындағы үшінші турнирі. Ол финалда аргентиналық Хуан Мартин дель Потродан айласын асырды, деп хабарлайды «Экспресс». Осы жеңісі үшін 3,8 миллион долларды қалтаға басқан спортшы жүлде қоры жөнінен Роджер Федерердің өзінен озды. Джокович 117 миллион 800 мың доллар тапқан.