Үлкен спорт. Ұлыбританияны айналып жүзіп шыққан 33 жастағы Росс Эджли рекорд орнатты
Ұлыбританияны айналып жүзген алғашқы адам. Бұған дейін ешкім осы аралды су бетімен шыр айналып шығуға тәуекел етпеген екен. Дегенмен 33 жастағы британдық Росс Эджли ақыры өз мақсатын орындады, деп хабарлайды BBC. 1 маусымда Маргейт қаласынан сапарға шыққан ол 4 қарашаға дейін 2879 шақырымды жүзіп өткен. Жағаға шықпастан, жүзе берген Эджли суда 157 күн өткізіпті. Бұл теңізде жүзу бойынша әлемдегі ең ұзақ рекорд ретінде тарихта қалатын болды. Британдық жүзгіштің жаңа рекордын ашық суда жүзуден Халықаралық қауымдастық та мойындап отыр.