Үлкен спорт. Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық қыза түсті
Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындық қарбалас. Қазір ұйымдастырушылар Жапон астанасындағы барлық аудандарды көгалдандыруға қызу кіріскен, деп жазады «Ченэл Ньюс Эйша». Осылайша, қала мен жарыс өткізілетін орындарда жасыл желек жайқалып тұрмақ. Қайта қалпына келетін қуат көздерін белсенді пайдаланудың арқасында көмірқышқыл газының шығарылуы айтарлықтай төмендейді. Олимпиада ауылдарындағы ғимараттардың қуат тиімділігін басқару жүйесінің мүмкіндігі орасан.