Үлкен спорт. София Флёрштің омыртқасына жасалған операция сәтті аяқталды
«Формула-3» жарысының Макао гран-приінде жол апатына ұшыраған неміс спортшысы София Флёрштің омыртқасына жасалған операция сәтті аяқталды. Баспасөз мәслихатында отаның жеті сағат бойы жасалғанын айтқан дәрігерлер 17 жастағы Флёрштің жағдайы тұрақты екендігін, қол-аяғының да икемге келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «ЭйБиСи».