Үлкен спорт. Теннисші Марион Бартоли енді бапкерлікпен айналыспақ

Француз теннисшісі Марион Бартоли енді бапкерлікпен айналысады. Уимблдон жеңімпазы отандасын жаттықтырады, деп хабарлайды «Теннис Уорлд ЮЭсЭй». Экс-чемпион енді әлемнің 761-ші ракеткасы, 19 жастағы Люси Варньеге осы спорттан тәлім бермек. Бала кезінде Францияда біраз жетістікке жеткен Люси Варнье жасөспірімдер арасында ел чемпионы болған еді.