Жарты ғасыр жөндеу көрмеген жолдар жаңғыртылады
Былтыр 12 мың шақырым жол жөнделген. Биылғы жоспар 13 мың шақырымнан асады. Оның 6 жарым мың шақырымы аудандық және ауданаралық жергілікті жолдар. Сондай-ақ 50 жыл бойы жөндеу көрмеген Петропавл–Жезқазған, Қандыағаш–Шалқар, Жаңаөзен–Түркіменстан шекарасы, Қарағанды–Аягөз–Боғас жолдары толық жаңғыртылады.