Елде көші-қон рәсімдерін жеңілдету қолға алынды
Елге келетін туристердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету де басты міндет. Бұл ретте Ішкі істер министрі қажетті шаралар қолға алынғанын мәлімдеді. Атап айтқанда саяхатшылардың елге кіру және болу рәсімдері жеңілдетілді. Шетелдіктер тіркелу үшін бұрынғыдай полицияға барып уақыт жоғалтпайды. Қабылдаушы тарап бұл рәсімдеуді онлайн жүзеге асыра алады. Қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде қажетті ақпаратты қамтитын арнайы мобильді сайт әзірленді. Өңірлерде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шет тілдерін меңгерген туристік полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Осындай шаралардың арқасында елге келетін саяхатшылардың қарасы көбеюі тиіс. Сандарды сөйлетсек, былтыр елге келген шетелдіктердің саны 15 млн-нан асты. Ал ішкі ішкі туристер саны 10,5 млн. Бүгінде 87 елмен визасыз режим орнатылған.