Индустрия саласында 75 жаңа мамандық пайда болады
Елде халықты жұмыспен қамту көрсеткіші артып келеді. Екі қолға бір күрек тапқандардың қатары жалдамалы жұмыскерлер есебінен өсіп отыр. Олардың саны 7,1 миллионға жетті. Ал 2,1 млн адам өзін-өзі еңбекпен қамтығандардың санатында. Десе де жұмыссыздық деңгейі 4,6%. Көрсеткішті төмендету мақсатында тағы 3,3 миллион азаматты жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Үкімет міндетті межеге 2029 жылға дейін қол жеткізбек.