Қазақстан мен АҚШ экономикалық байланысты қалай нығайтады?

Қазақстанға ең көп инвестиция құйған елдердің бірі – Америка. Ұлттық банктің мәліметінше, 1993 жылдан бері АҚШ-тан біздің елге 61 млрд доллар тікелей инвестиция тартылған. Нәтижесінде соңғы 5 жылда өзара сауда көлемі екі есе артып, 4,2 млрд доллар болды. Осылайша екі ел арасындағы алыс-беріс арада жорға жүрерлік деңгейге жетті. Бірақ жеткен жетістікке тоқмейілсімей, қос ел сауда-экономикалық байланысты одан әрі нығайтуға бейілді.