Транзиттік әлеуетті дамыту – басым бағыт

Көлік – ел экономикасын алға сүйрейтін маңызды саланың бірі. Биыл 10 айда көлік қызметінің көлемі 20,7% артты. Оған тасымалдың ұлғаюы ықпал етті. Нәтижесінде ел арқылы ары-бері өтетін транзиттік жүктердің көлемі 29.4 млн тоннаға жетті.