Ел экономикасы 6,5 пайызға өсті
Экономикада өсім бар. Өткен жыл олжалы болды. Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан Қазақстанның жалпы ішкі өнімі қаңтар мен желтоқсанда 6,5%-ға артты. Көбіне өнеркәсіп саласы тұрақты өсім көрсетті. Көрсеткіш 7,4 пайызға көп. Ал саудада өсім шамамен 9 пайыз, құрылыста 16, көлік және қоймалау саласында 20 пайыздан асты. Өңдеу өнеркәсібінде де ілгерілеу бар. Жалпы саладағы өсім 6 пайыздан артты. Атап айтқанда металлургия, өңделген мұнай өнімдері экономиканың дамуына үлес қосты. Ал азық-түлік өндірісі 8 пайызға, химия өнеркәсібі өнімдерін шығару көлемі шамамен 10 пайызға өсті. Машина жасау саласында көрсеткіш бірден 13 пайызға артқан.