Халық табысын арттыру – басты міндет
Үкіметтің алдында көсе-көлденең тұрған мәселе көп. Соның ең негізгісі – халықтың табысын арттыру. Биыл атқарушы билік қарашаның қамын күйттеп, тұрмысын тұралауға екпін салмақ. Президенттің де қалауы осы. Биыл да дәстүрден жаңылмай Үкімет мүшелерін, әкім-қараларды, ұлттық компания басшыларын тайлы-тұяғымен жинады. Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, ел дамуының басым бағыттарын айқындап берді. Соның бірсыпырасын бағдарламамызда ақыл таразысына саламыз.