Өңіраралық жолдар жөнделеді

Жыл сайын қара жолда мыңнан аса адамның өмірі қиылады. Әдетте, біз жүгенсіз жүргізушілердің жауапсыздығын жиі айтамыз. Бірақ шұрық-тесік одан қалса, ойдым-ойдым жолдардың бары жасырын емес. 

Сапалы жол тек жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің инвестициялық тартымдылығын да арттырады. Көлік-транзит саласы  - экономиканың күретамыры. Сондықтан жолды тақтайдай тегіс қылу маңызды міндет.