Цифрлық трансформация 72 саланы қамтиды

Бұрнағы жылдары шикізат қоры көп елдер бай мемлекет саналатын. Ал қазір экономикалық қуаттың басты көрсеткіші - білім, технология және инновация. Осы үшеуі қатар дамыған елдің бәсі биік. Экономикасы көш ілгері. Цифрлық технологиялар қазір қарқынмен дамып келеді. 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 22 трлн доллардан асып жығылады. Халықаралық сарапшылардың зерттеуі бұл. Қазақстан да көштен қалмаудың қамына кірісті. Бүгінде біздегі IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты. Ендігі жоспар - көрсеткішті арттырып, жаһандағы цифрлық көшбасшы елдермен иық теңестіру. Көздеген межеге қайтсек қол жеткіземіз?