Орталық Азия елдері қарқынды дамып келеді
Әлемдік экономика аумалы-төкпелі кезеңді бастан өткеруде. Дамыған мемлекеттердің экономикасы қазір шатқаяқтап тұр. Бұрын алпауыт елдер қомақты табысқа кенелетін. Қазір, керісінше, дамушы мемлекеттердің бәсі биік. Сөзімді Дүниежүзілік банктің дерегімен қуаттай түсейін. Былтыр әлемдік экономика 2,3% -ға өсті. Осы аралықта дамыған мемлекеттердің ЖІӨ шамамен 1,7% болды. Ал дамушы экономикалардың орташа өсімі болжам бойынша 3,8%-ға жетуі тиіс. Яғни арадағы алшақтық 3 есе. Әсіресе Орталық Азия елдері қарқынды дамып келеді. Қазақстан да көштен қалмай тырысып бағуда. Былтыр ел экономикасы 6,5 пайызға өсті. Биыл да осы қарқынды сақтап, 5%-дан жоғары өсім көрсетеді деген болжам бар.
ЖІӨ-нің артқанын әуелі сіз бен біз сезінуіміз керек. Қазіргі бағдар – халықтың тұрмысын түзеп, табысын 2-3%-ға көбейту. Кредиттік жүктемесін азайту. Әсіресе тұтынушылық несиенің өсуін тежеу басты міндет. Межеге қайтсек қол жеткіземіз?