Пошта қызметінің сапасы артады

Қазпошта шалғайдағы ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмек жеткізетін болады. Сенат пошта қызметін жетілдіретін заңды мақұлдап, Президентке қол қоюға жіберді. Құжатта сәлемдемелерді алу механизмдерін жеңілдету көзделген. Яғни жеткізілген сәлемдемені тапсырыс беруші ғана емес олардың жақындары да ала алады. Ол үшін арнайы пин-кодты атау жеткілікті. Сондай-ақ көпқабатты үйлердің жанынан пошта бөлімшелері ашылады. Әрі ұлттық оператор электрондық сауданы дамытуды көздеп отыр.