Бірнеше сала қосылған құн салығынан босатылады

Енді кәсіпкердің жылдық табысы 40 млн теңгеден асса, онда ол қосымша құн салығын төлеуге міндеттелуі мүмкін. Бұрын бұл меже 78 млн теңге болатын. Ал ақылы медициналық қызметтерге 10% қосымша құн салығын салу көзделіп отыр. Салық кодексіндегі тиісті өзгерістерді Мәжіліс мінберінен қаралып мақұлданды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер салықтан толық босатылмайды. Сондай-ақ жылдық табысы 33,4 млн теңгеден асатын азаматтар, табысының 15 пайызын салыққа төлеуі мүмкін. Құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелеріне де, ұлғайтылған салық салу қаралып жатыр.