Елімізде еңбек қауіпсіздігін бақылау күшейеді
Елімізде еңбек қауіпсіздігін бақылау күшейеді. Биыл әлеуметтік шиеленіс қаупі жоғары 1 жарым мыңнан астам кәсіпорынға арнайы мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 45 компанияда жалақы бойынша 400 млн теңгеге жуық қарыз бар екені анықталды. Тексеріс барысында кәсіпорын басшыларына 98 миллион теңге шамасында айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың арқасында мыңнан астам жұмысшыға 242 млн теңге төленіпті. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі. Сонымен қатар цифрлық кәсіпорын картасы іске қосылып, әр мекемеде еңбек жағдайын бақылау жеңілдеген.