Елде құрылыс саласын бақылайтын бірыңғай ақпараттық жүйе іске қосылады
Өңірлерде заңсыз салынған құрылыс нысандары жасанды интеллектінің көмегімен анықталады. Сонымен қатар, заманауи технология бас жоспарға сай келмейтін құрылыс жүргізудің алдын алуға көмектеседі. Пилоттық жоба биыл толыққанды әзірленіп, келер жылы заңнамалық түзетулер арқылы қолданысқа енгізілмек. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жоба келер жылы енгізіледі. Жергілікті жердің цифрлық моделі жасалып, қала құрылысы жобаларына қайшылық фактілері анықталған жағдайда, жүйе тиісті органдарға хабарлама жібереді.