Құтқарушылардың құқықтық мәртебесі артады
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін басты өңірлерге ротациялау кезінде тұрғын үй ақысы және қосымша төлемдер енгізіледі. Төтенше жағдай уақытында қызмет еткен құтқарушыларға үш есе мөлшерде үстемақы белгіленеді. Санаторий, курорттық емдеумен қамтамасыз етіледі. Бұл шаралар қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және білікті мамандарды тартуға бағытталған.