Былтыр тұрғын үй құрылысы рекордтық межеге жетті

Үйлі болсам деп жүрген жандарға жақсы жаңалық. Енді жеңілдетілген ипотеканы тек «Отбасы» банкінен емес, жекеменшік банктерден де рәсімдеуге болады. Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесіне қатысты заңға осындай өзгерістер енді. Яғни, екінші деңгейлі банктер баспанаға арналған депозит ашып, соның негізінде ипотека беру қызметін көрсете алады. Жеке қаржы ұйымдарының қызметі кеңейді. Заңға өзгерістер енгенімен, екінші деңгейлі банктерге қойылатын қосымша талаптар әзірге нақты жарияланған жоқ.  «Отбасы» банкіндегі жинаққа банк пайызы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы төленеді. Ал екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесімен жұмыс істеу тетігі берілгенімен, мұндай сыйақы қарастырылмаған.