Елде коучтардың кәсіби стандарты бекітілді
Дипломы жоқ, бірақ берер кеңесі көп. Қазақстанда әлеуметтік желі арқылы халықты емдеп, психологиялық тренинг өткізетін жалған мамандардың қызметі заңмен реттелмек. Блогерлер мен коучтар енді психолог бола алмайды. Психологтар мемлекеттік тізілімге тіркеледі. Мәжілісте психологиялық көмек көрсетуді алғаш рет заңмен реттейтін құжат қаралып жатыр. Депутаттар бұл бастама қоғамдағы сұранысқа жауап беріп, қызмет сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталғанын айтты. Мамандар «жалған коучтарды» қоғамға тікелей қауіп төндіреді деп есептейді. Тіпті, болашақта оларды жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылып жатыр. Елде коучтар мен психологтардың бірыңғай реестрі қашан құрылады?