Жұмысшы құқығы күшейді: енді жұмыс берушіге қандай міндет жүктелді?
Еңбек қатынастарында жаңа талаптар күшіне енді. Енді жұмыс беруші кейбір санаттағы азаматтарды жұмысқа қабылдаудан бас тартса, оның себебін жазбаша түсіндіруге міндетті. Ал қызметкердің ар-намысы, қадір-қасиеті мен жеке өміріне қол сұқпау құқығы заңмен нақты бекітілді.
Бұдан бөлек, еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар күшейіп, киберқауіпсіздік те еңбек тәртібінің бір бөлігіне айналды. Қауіпті өндіріс орындарын енді жасанды интеллект бақылауы мүмкін. Ал еңбек демалысындағы немесе сырқатына байланысты жұмысқа шықпаған қызметкердің орнына жұмыс істеген адамға қосымша ақы төлеу тәртібі нақтыланды. Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер тағы қандай құқық береді және жұмыс берушілердің міндеті қалай өзгереді? Толығырақ бүгінгі «Заң бойынша» бағдарламасында.