Қаржы пирамидасы: оңай олжа опа бермейді | Заң бойынша
Қаржы пирамидасының құрығына ілігіп алаяқтардың арбауына түсетіндер көп. Оңай жолмен тезірек байығысы келген кейбір тұрғындар әй-шәйға қарамастан жинап-терген бар ақшасын күмәнді компаниялардың шотына салып, кейін бармағын тістеп қалып жатыр. Өткен жылы ғана мемлекет қаржылық пирамидалардың қызметіне қатысты заң қабылдаған болатын. Заңның күшейгеніне қарамастан айылын жимай жүрген алаяқтар азаймай отыр. Заң бойынша, астыртын компания құрғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Дәлірек айтқанда, Қаржылық пирамиданы бастағандар 3-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.