Қазақстаннан Вьетнамға сапарлаған адамдардың саны артқан
Биыл Қазақстаннан Вьетнамға сапарлаған адамдардың саны күрт өскен. Вьетнам аумағында өз азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына ықпал ету қажет. Осыған орай, жақында Мәжіліс Қазақстан мен Вьетнам елдері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы заң қабылдады. Келісімге Ханой қаласында былтыр 21 тамызда қол қойылған. Құжат, адам құқығын қорғау мен заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.