Қазақстанда алаяқтықтың жартысы интернет арқылы жасалады
Қазақстандағы алаяқтықтың жартысына жуығы интернет арқылы жасалады. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері, 17 мыңнан астам интернет алаяқтық қылмысы тіркелген. Айлакерлер адамдардың сеніміне кіріп, несие рәсімдеуді тоқтатар емес. Тіпті мессенджерлерді бұзып кіріп, ақша жымқырудың, алдап-арбаудың сан түрін тауып, күн сайын әккілене түсткен. Мұндай алаяқтардан өзімізді қалай қорғай аламыз?