Абай облысында 84 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Абай облысында 2 жыл бойы ірі көлемде акцизделген темекі өнімдерін астыртын тасымалдаған трансұлттық қылмыстық топтың қызметі әшкере болды. Облыс прокуратурасы қылмыстық топтың жұмысын дер кезінде тоқтатты. Сондай-ақ есірткі қылмыстарының алдын алу барысында да бірқатар қылмыстың беті ашылды. Нәтижесінде былтыр 345 есірткі граффитиі анықталып, 600-ден астам студенттің қатысуымен бір күнде 206 есірткі граффитиі боялғаны белгілі болды. Бұл бірқатар жедел іс-шаралар барысында анықталды. Әрі есірткіні жарнамалап, тарататын 80 телеграм-арналары анықталып, бұғатталды.