Онлайн коммерция: Тұтынушы құқығы қалай қорғалады?
Қазақстанда шетелдік маркетплейстер жұмысы заңмен реттеледі. Олар жұмысын біздің елде жалғастыруы үшін Қазақстан аумағында тіркелуге міндетті. Соңғы жылдары айналымы бірнеше триллион теңгеден асқан онлайн-сауданы Сауда және интеграция министрлігі осылай реттемек. Соңғы уақытта елден тысқары алаңда сауданың көрігін қыздырғандарға қатысты ел азаматтарынан шағым көбейіп кеткен. Ал заң бойынша жоспар жүзеге асса, табыс тауып отырған шетелдік платформалар Қазақстанға салық төлейді. Ал маркетплейстердегі тауарлардың сапасына қатысты сұрақ көп. Премьер-министр шетелдік түгілі отандық алаңдар да сапаға кепілдік бере алмайтынын айтты. Көбінде өнімнің түпнұсқалығы туралы ақпарат көрсетілмейді. Бұл сапасыз тауар сатып алған тұтынушыларға қиындық тудырып отыр. Сондықтан тиісті министрлік тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыратын нақты шаралар әзірлеуі қажет.