Былтыр елде 22 мыңнан аса интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
Жыл сайын елімізде 20 мыңнан аса интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. Өкінішке қарай, барлығын ашу мүмкін емес. Әккі қылмыскерлер цифрландыру үдерісін жан-жақты меңгерген. «Желідегі алаяқтарға құрық бойлату қиын», - дейді тәртіп сақшылары. Олар былтыр 7 716 қылмыстық схеманы әшкереледі.