Елде 30 мың мопед тіркелді

Мопедіңізді тіркеуді ұмытпаңыз. Елде жол жүрісі ережесі жаңарды. Оған сай мопед жеңіл көлік қатарын толықтырды. Оны 16 жастан асқандар ғана тізгіндеуге құқылы. Бұл үшін А, А1 немесе В санатындағы жүргізуші куәлігін алу қажет. Ал масаң күйде жолға шыққандар 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.