Елде самокаттарды тіркеу міндеттеле ме?

Самокатты тебудің де тәртібі бар. Мысалы жылдамдықты сағатына 6 мың шақырымнан асырмау керек. Басыңызға шлем кигеніңіз абзал. Ал кешкі уақытта жүретіндерден жарыққа шағылатын элемент талап етіледі. Ең бастысы қос дөңгелекті бұл көлікті 16 жастан асқандар ғана тізгіндей алады. Жүргізушілер өзгелердің қауіпсіздігі үшін самокатты көрінген жерге қоюға болмайтынын ескеру керек. Осы ретте елорданың Нұра ауданында 10 визуалды тұрақ орнатылып жатыр. Пилоттық жоба жемісін берсе, өзге аймақтарды қамту жоспары бар.