Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы күрт өсті

Жыл басынан бері 1700-ден аса кәмелетке толмаған азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл былтырғыдан 35% көп. Әсіресе балалар арасындағы бұзақылық тыйылмай тұр. 9 айда 216-сы анықталды. Былтырғы көрсеткіш 100-ге де жетпеген.