Тыныштық пен қауіпсіздік сақшылары

Наурыз жақындап қалды. Ұлттық ұлан сарбаздары қазір күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Астананың 6 ауданында 1500 сарбаз жауынгерлік борышын өтеп жүр.

Астанаға көктем биыл да кеш келмек. Соған қарамастан, дүйім жұрт Ұлық мереке Наурызды асыға күтері анық. Ұлттық ұлан сарбаздары да бас қаладағы қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге сақадай сай. Дайындықты күн сайын пысықтайды.