Сақшы иттер 25 есірткі қылмысын ашуға көмектесті

Бұл – Астана қаласындағы Полиция департаменті кинология қызметінің жаттығу алаңы. Ақылды, батыл, қырағы иттер міндетін мінсіз орындауға қамданып жатыр.  Әрқайсысының мінезі әртүрлі. Бір қарағанда, байыпты, момын көрінетін Феликстің өзі көпшілікті асқан шеберлігімен тәнті етеді. Бұған білікті кинологтың ықпалы тигені даусыз.