Жүгенсіз жүргізушіге жаза қатаңдайды
Жол ережесін жиі бұзатындарға енді жазаның жаңа форматы күтіп тұр. Мамырдан бастап күшіне енген талап бойынша жылдамдықты асырғандар 40 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. Ал Ішкі істер министрлігі енгізіп жатқан пилоттық жобаға сәйкес әр жүргізушіге бір жылға 20 балл беріледі. Ұпайынан айырылғандар жүргізуші куәлігінен де қағылады. Мақсат айқын – жүгенсіз жүргізушіні тәртіпке салу. Өйткені күн сайын жол апатынан бірнеше адамның өмірі қиылады. Жаңа жүйе тәртіпті күшейтіп, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.