Жолақысын төлеуден жалтаратындар көп
Елордада күніне 1 млн 200 мың адам қоғамдық көлікпен қатынайды. Оның жартысына жуығына «№1 Автобус паркі» қызмет көрсетеді. Жолақысы – 110 теңге. Саналы жолаушылар әр сапарының құнын өтейді. Бірақ келесі аялдамаға тегін жетіп алуды көздейтіндер де аз емес. Мұны Желілік бақылау қызметінің мамандары растады. Жолақысын төлеуден жалтаратындардың санын азайту үшін ұдайы рейд жүргізіледі. Соның біріне біз де қатыстық.