«Қарасора-2026»: 4 қылмыстық топ жойылды

Елде ондаған есірткі алқабы жойылды. Иә, «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі өсіріп, нәпақа тауып отырғандардың көп екені анықталған. Операция басталғалы 4 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Халықаралық заңсыз есірткі бизнесінің жылдық табысы 400 млрд доллардан 650 млрд долларға дейін жетеді. Бұл – БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының дерегі. Ал қыруар қаражат ұйымдасқан қылмыстық топтарды және лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға жұмсалады. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Сол себепті күрес қарқынды жүріп жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыз: