Жасыл экономика. Урбанизацияның қала биосферасына әсері

www.haikudeck.com

Қала аумағының кеңеюі, халықтың өсімі бүгінгі таңда қоршаған ортаның экожүйесіне әсер етуде.

Қалалардың аумағындағы жылу, газ, жарық тарататын коммуникациялық жабдықтар ол жүйені түбегейлі жойып барады. Қаладан шығатын қалдықтар тағы бар. Кәспіорындар саны сұранысқа қарай артқан сайын, оның маңындағы өзен-көлдердің ластануы да жиілей түседі. Демек урбанизацияны қоршаған ортаның ластануына әкелетін бірден-бір фактор ретінде қарастыру керек пе? Оның залалын алдын ала болжай аламыз ба?