Жасыл экономика. Ескі көліктерді утилизациялау
Қазақстан жолдарында бүгінде мерзімі 18 жылдан асқан 2 млн жуық көлік қозғалыста. Олардың барлығы экологияға залал келтіріп жатыр.
Осы тұрғыда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үкімет шешімімен өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі механизмі енгізілді. Жаңа құжат елімізде өндіріспен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға әрі шетелден елімізге кіргізілетін көліктерге қатысты болмақ. Заң тиімділігі неде? Отандық автокөлік өндірушілер үшін онда жеңілдіктер қарастырылған ба? Еліміздегі көлік сатылымына әсері қандай? Ескі көліктерді жоятын инфрақұрылым қалай жұмыс істемек? Бүгінгі шығарылымда осы заңның экономика мен экологияға әсерін бағамдаймыз.