Жасыл экономика. EXPO-2017 көрмесіне іріктеуден өткен жобалар

EXPO-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Көрме жобалары энергетика саласында бірқатар мәселелердің шешімін табуға ықпал етуі тиіс.

Былтыр бас-аяғы 15-ке жуық ұлттық және бейресми ұйымдар EXPO-2017 көрмесінің контентін толтыру бойынша меморандумға қол қойды. Оның аясында ең үздік 50 жобаға байқау жарияланды. Ол 5 номинация бойынша жүзеге асырылды.

Көрме үшін іріктеліп алынған 50-дің ішіне қандай жобалар кіреді? Олардың қатарында EXPO-да көрсетілетін ауқымдысы қандай? Негізінен сыртқы инвесторлардан осы «жасыл» жобаларға қызығушылық танытып жатқандары бар ма?