Жасыл экономика. Отандық «жасыл» құрылыс материалдары
Бүгінде қарқынды дамып жатқан құрылыс саласына сапалы әрі тез үй тұрғызатын заманауи технологиялар қажет.
Осы орайда арнайы ғылыми орталықтармен қатар, жекелеген өнертапқыштар да өз мүмкіндіктерін көрсетуде. Солардың бірімен біз бүгінгі бағдарламада сіздерді таныстырамыз.
Өнертапқыш Нұрмағамбет Нүрпейісов құрылыс үшін ең тиімді материалды таптым дейді. Ол шығарған полистиролбетон үнемді әрі экологиялық жағынан таза. Салмағы қарапайым кірпішпен салыстырғанда 3 есе жеңіл материал ұзақ мерзімге жарайды. Шығынды 3 есе азайтатын оның елімізде баламасы жоқ екен. Мұндай блогтардың инновациялық тұрғыдан тағы қандай ерекшелігі бар? Халық тарапынан қаншалықты сұранысқа ие?
Сондай-ақ сіздер бүгінгі шығарылымда «жасыл» экономика идеясын жастар арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығы мен эко үй жайында толығырақ біле аласыздар.