Жасыл экономика. Дүкен сөрелерінен таза экологиялық өнімдерді қалай таңдау керек?
«Жасыл» кәсіпкер болу бүгінде сәнге айналғандай.
«Экологиялық қауіпсіз», «органика», «био» терминдері сатып алушылардың назарын бірден аудартатыны анық. Оны түсінген өндірушілер өнімдерінің қаптамасына заманауи сәнді сөздерді жазуда. Алайда мамандардың айтуынша, соңғы уақытта өнімі экологиялық таза болмаса да, таңбаларды сатып алып, жабыстыратындар көбейген.