Жасыл экономика. Тозығы жеткен көліктерге өтемақы берілмек
Биылдан бастап ескі көліктерді қайта өңдеуге өткізуді ынталандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Оған сәйкес тозығы жеткен, істен шыққан автокөліктер үшін арнайы өтемақы беріледі. Бағдарлама толық іске қосылғанша елімізде көлік қалдықтарын қабылдайтын 20 пункт жұмыс істейтін болады. Ол қалай жүзеге асырылмақ? Жалпы бізде қалдықтарды қайта өңдеу индустриясын дамыту қарқыны қандай?